«Ресей дефолты Еуропа дефолтына айналуы мүмкін»: Медведев мәлімдеме жасады

«Ресей дефолты Еуропа дефолтына айналуы мүмкін»: Медведев мәлімдеме жасады

«Ресей дефолты Еуропа дефолтына айналуы мүмкін»: Медведев мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өзінің Telegram-арнасында Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдемесіне жауап ретінде жазба қалдырды деп жазды turkystan.kz.
«Ресейдің дефолты Еуропадағы моральдық және материалдық дефолтқа айналуы мүмкін», – деп мәлімдеді Дмитрий Медведев.
Оның айтуынша, Еуроодақтың қаржы жүйесі «оншалықты тұрақты емес» және де оған деген халықтың сенімі де төмендеп барады. Медведев Брюссельді «бұдан былай себебін зұлым ресейліктерден көре салуға болмайтын» гиперинфляция туралы, азық-түлік тапшылығы және қылмыс толқынын тудыратын босқындар ағыны туралы ескертті.
«Қарапайым еуропалықтардан үлкен алғыс күтіңіздер. Сол кезде брюссельдік апайлар мен ағайлар өз сөздерінен айнуға мәжбүр болады» деп жазды Медведев.
Айта кетейік, бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен BILD басылымына сұхбат берген болатын. Сұхбатта ол Ресейді жақын арада дефолт күтіп тұрғанын айтқан.
«Ресейде экспорт 70 пайызға құлдырады. Ресейдің 700 ұшағы қосалқы бөлшектердің жоқтығынан лицензиясынан айырылды. Жүздеген ірі компаниялар, мыңдаған кәсіпкерлер елден кетіп жатыр. Қазіргі болжамдарға сәйкес, Ресейде ЖІӨ 11 пайызға құлдырады. Ресейдің банкротқа ұшырауы – уақыт мәселесі. Бұл соғыспен Путин өз елін және халқының болашағын да құртып жатыр», – деді Еурокомиссия басшысы.
Оның айтуынша, Еуропа Украинадағы шиеленістің айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін екеніне дайын болуы керек. Еурокомиссия басшысы