«Бесқонақ»: ертеңнен бастап күн суытады

«Бесқонақ»: ертеңнен бастап күн суытады

«Бесқонақ»: ертеңнен бастап күн суытады
ашық дереккөзі

Қазгидромет 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы құбылмалы болуы мүмкін.

«Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, бұршақ жаууы ықтимал. Ал республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Солтүстік-батыс антициклоны өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды. Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады» деп жазылған хабарламада.
Ал бұл амал қазақтың байырғы күнтізбесінде «Бесқонақ» деп аталған. Ауа райының жыл сайын құбылып тұруына байланысты, «Бесқонақ» сәуір айының ортасы мен аяғына келіп тұрады. Енді бір болжамда 10-20 сәуір аралығы деп көрсетілген. Бұл ескі күнтізбе бойынша ескі айдың соңғы 5 күні мен жаңа айдың алғашқы 5 күні қосылып, 10 күнді құрайды. Сондықтан 5 ескі, 5 жаңа деп те атайды. «Бесқонақтың» дауылынан кейін қаратамақ, сарышымшық торғай келеді.