Украиналық босқындардың саны 5 млн-ға жуықтады
БҰҰ ресми мәліметінше, шет елге қашқан украиналық босқындардың саны 5 млн-ға жетіп қалған деп хабаралады turkystan.kz.
Туған жерін тастап қашуға мәжбүр болған босқындардың тең жартысы – жасөспірімдер.
Украиналықтарға уақытша қорғаныс кепілдігін беруді, әсіресе, Еуропа елдері жүйелендірген. Оның ішінде Бельгия корольдігі ірі және шағын шаhарларында босқындар үшін лагерь құра бастады.
Айта кетсек, бүгін - Украинадағы әскери қақтығыстың болып жатқанына 53-күн.