«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры қамалды
Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот Марат Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни, 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған еді.