Наурыз айында орташа жалақы өскен

Наурыз айында орташа жалақы өскен

Наурыз айында орташа жалақы өскен
ашық дереккөзі
2022 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 теңгеге жетті. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 2022 жылғы ақпанда 143 246 теңге болған. Бұл 2021 жылғы ақпанға қарағанда 17,3%-ға көп, нақты ақшалай кірістер көрсетілген кезеңде 7,9%-ға ұлғайды. 2022 жылғы наурызда Қазақстан бойынша 457,4 мың адам жұмыссыз болды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. Наурыз айының соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны - 175 мың адам.