Жаңалықтар

Елордалық Амфитеатрда осы жылдың алғашқы концерті өтті

ашық дереккөзі

Елордалық Амфитеатрда осы жылдың алғашқы концерті өтті

Амфитеатрда жаңа маусым «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Ұлттық мерекесіне арналған концерттен басталды. Ұйымдастырушы «AMANAT» партиясының жастар қанаты болды деп жазды turkystan.kz. Елорданың мыңңан астам тұрғыны мен қонақтарының басын қосқан ашық аспан астындағы концертте арнайы мерекелік бағдарлама ұсынылды. «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты - жас ұрпақ арасында ұлттық мерекені дәріптеу, қазақстандық қоғам арасында халықтық-мәдени құндылықтарды насихаттау. «Жалынды жастарымызға жаңа дем, тың серпіліс беру мақсатында ашық аспан астында мерекелік концерт өткізуді жөн көрдік. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мерекесі ұлттық мереке іспеттес. Жыл өткен сайын оның маңызы мен мәні артуда. Оны дұрыс бағытта дәріптеп, жастарымыздың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білу - Жастар қанаты үшін бірінші орында. Бүгінгідей керемет күнде барша ғашықтарға таусылмас махаббат пен сарқылмас сезім тілеймін», – деді төраға. Концертте отандық эстрада жұлдыздары мен талантты жастар өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардан тосынсыйлар мұнымен аяқталған жоқ: іс-шара барысында ғашықтар арасында сыйлықтар ойнатылды және соңында ораза ұстаушылар үшін құрма мен су таратылды. Айта кету керек, жастар қанатының өңірлік филиалдарымен концерттер бүкіл ел бойынша өткізілді.