Жаңаөзенде ауыз суды пайдалануға шектеу қойылды
Жаңаөзенде ауыз суды пайдалануға шектеу қойылды
18 сәуірден қыркүйекке дейін Жаңаөзенде ауыз су кестеге сәйкес берілетін болды деп жазды turkystan.kz.
«Қалада ауыз су тапшылығы бар», – деп хабарлады «ӨзенИнвест» МКК.
«ӨзенИнвест» компаниясының мәліметінше, судың жетіспеушілігі сұраныс күрт өсетін көктем мен жаз айларында тұрғындарды онымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2024 жылы тәулігіне 50 мың текше метр тұшыту қондырғысын салу жоспарланып отыр.