Болат Әбіловтер тағы бір митинг өткізіп жатыр (ФОТО)

Бүгін Алматыда «Утильдік алымға жол жоқ. Бастапқы тіркеуді алып тастау» ұранымен митинг өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда белгіленген шараны белгілі қоғам белсенділері – Санжар Боқаев, Болат Әбілов, Нұржан Әлтаев, Алмасбек Садырбаевтар ұйымдастырған.
Бұл шараны өткізуге қала әкімдігі рұқсат берген.
Алайда Шевченко көшесі жабылған. Жиналғандарды полицейлер мен әкімдік қызметкерлері бақылап тұр.