Жаңалықтар

«Қорғаныс министрлігі ай қарап жүрді ме?»: депутат Шпекбаевқа шүйлікті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Қорғаныс министрлігі ай қарап жүрді ме?»: депутат Шпекбаевқа шүйлікті (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских «Отандық қорғаныс өнеркәсіп туралы» өткен дөңгелек үстелде Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаевқа қару-жарақ саласына қатысты сұрақ қойды деп хабарлады turkystan.kz. «Қаңтар оқиғасында біз ҰҚШҰ әскерінен көмек сұрауға мәжбүр болдық. Өздеріңіз айтқандай, бұл оқиғаға дейін де, кейін де Президент бірқатар тапсырмалар берді. Қаңтар оқиғасына дейін Қорғаныс министрлігі ай қарап жүрді ме, сонда? Қорғанысты дамытуға қыруар қанша қаражат кетіп жатыр?! Бұл - бір. Екіншісі, бүгінгі біздің дөңгелек үстел нақты отандық өнеркәсіпке байланысты. Нақты сұрақ қойғым келеді, біз отандық қарулардан не шығарамыз? Құрастыру мәселесінен бөлек, біз не өндіреміз? Ресейде өзіндік «Армата» танкісі бар, Америкада «Абрамс» танкісі шығады. Тіпті кішкентай Израильдің өзі «Узи» қаруын шығарады. Ал бізде қару-жараққа қырғын ақша кетіп жатыр. Ал біз не өндіреміз, не шығарамыз?» - деді депутат. Қорғаныс министрінің орынбасары бұл сұраққа былай деп жауап берді: «Жалпылай алғанда, қорғаныс қару-жарақтары туралы айтар болсақ, біздің республикада советтік система әлі де қалды. Яғни, арнайы қару-жарақтар шығаратын бөлімдер бар. Біздің елде ұшақ, ракета, танк сынды құралдар сақталған жоқ. Кеңестік одақтан қалғандары ғана. Оларды шығарудың өзіне келер болсақ, бізден шыққан күнде де бәсекеге қабілетті түрде өндіріледі деп айта алмаймын».