Ақтауда бір жыл бойы пәтерде өлі жатқан әйелдің денесі табылды

Ақтауда бір жыл бойы пәтерде өлі жатқан әйелдің денесі табылды

Ақтауда бір жыл бойы пәтерде өлі жатқан әйелдің денесі табылды
ашық дереккөзі
Ақтауда 4-шағынауданындағы пәтерлердің бірінде бір жыл жатқан әйел адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz inaktau.kz-ке сілтеме жасап. Оны көршісі байқап, дабыл қаққан. Әйелдің айтуынша, марқұм мүлдем көрінбей кеткен және пәтерінің алдында шоттар жиналып қалған.
«Желді күндері иіс келетін, бірақ жертөледен шығып жатқан шығар деп ойладым. Сосын бір күні ойыма ол кісі COVID-19 толқыны кезінде қайтыс болуы мүмкін деген ой келді. Менің білуімше, Ақтауда оның туыстары жоқ, сондықтан ешкім іздемейді. Мен мұндай жағдайлар туралы БАҚ-та оқыған едім. Ол пәтер ақысын өткен жылдың наурызында соңғы рет төлегенін анықтадым. Нәтижесінде полиция келіп, пәтерді ашты, ол жатын бөлмесінде төсекте жатты. Бір жылда денесі толық шіріп кеткен десе болады. Туыстарын әлеуметтік желілер арқылы таптық, бүгін жерлеу рәсімі өтті», - деді үй тұрғыны.
Облыстық Полиция департаменті әйелдің табылғаны туралы хабар осы жылдың 15 сәуірінде түскенін хабарлады.
«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді олар.