Қазақстанның ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті
ашық дереккөзі
13 сәуірде «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі археология мен генетика мәліметтерін интеграциялау мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара, Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге генетика, археология, антропология және тарих саласындағы отандық және шетелдік мамандар қатысты. Қатысушылар қазақстандық палеогенетиканың өзекті мәселелерін талқылап, генетикалық және археологиялық зерттеулерден алынған мәліметтерді біріктіруге ерекше назар аударды. Шетел мамандарынан Нью-Йорк университетінің антропология факультетінің докторанты Эмили Коко Солтүстік Балхаш өңірінің жоғары тұрақтарындағы тас артефактілерді кезеңдік талдау туралы баяндама жасады. Ол тас құралдарын тас ғасырындағы ежелгі адамдардың кезеңдер бойынша қайта пайдалану жайлы зерттеуге қызығушылық танытатындығын айтты. Оның айтуынша, тас дәуіріндегі құралдарға зертханалық талдау жүргізілуде. Америкалық ғалым мұндай талдауларды патина арқылы байқауға болатынын жеткізді. Ол Семизбұғы 4, Семизбұғы 10 А, екеуінің арасы шамамен 15 км арасындағы қашықтықты талдайды және олар басқа типтегі ескерткішке ұқсас па, жоқ па, соны анықтайды. Яғни, бұл ашық аспан астындағы ескерткіштерде табылған бір зерттеу әдісі. Мұндай ескерткіштер негізінен құрғақ аймақтарда ғана бар. Негізінен, Қазақстанда және Моңғолияда, Ресейдің азиялық бөлігінде және Қырғызстанда сирек кездеседі.  width= Шара барысында археология және генетика мамандары бірлескен зерттеулер аясында негізі проблемалар мен перспективаларды талқылап, Қазақстанның палеогенетика саласындағы пәнаралық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.  width=  width=