Қазгидромет гидрологиялық болжам жасады

Қазгидромет гидрологиялық болжам жасады

Қазгидромет гидрологиялық болжам жасады
ашық дереккөзі
Қазгидромет 2022 жылдың су тасқыны кезеңіне қорытынды гидрологиялық болжам жасады деп жазды turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК-ның  мәліметінше, NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) өңдеген суреттері бойынша, Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды. Қар жамылғысы, негізінен, ШҚО, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының жыраларында, орманды және таулы жерлерінде сақталады. 2022 жылдың 16-22 сәуіріне арналған апталық синоптикалық болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуімен, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр жауады, ал кезең соңында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Қатты жаңбыр 20-22 сәуірде Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде, ал қар аралас жаңбыр таулы және тау бөктерінде болады деп күтілуде. 21-22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Осыған байланысты республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысының тау бөктеріндегі аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы күтіледі.