Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалына өтті

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалына өтті

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалына өтті
ашық дереккөзі
Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогында қарсыласын жеңіп, Қазақстан құрамасына финалға жолдама алып берді деп жазды turkystan.kz. 16 сәуірде Қазақстан мен Германияның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Анжелика Кербер Билли Джин Кинг кубогында сынға түсті. Билли Джин Кинг кубогының екінші ойын күні екі команданың көшбасшылары – Елена Рыбакина мен Анжелика Кербер арасындағы жеке разрядтық кездесумен басталды. Бастапқы сетте Анжелика Кербер жеңіске жетті - 6:4. Елена Рыбакина екінші партияда есепті теңестірді - 6:3. Ал, ойынның шешуші бөлігінде қазақстандық ойыншы жақсы өнер көрсетіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан есепті 3:0-ге жеткізіп, Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңіне жолдама алды.