«Игі істер сенбілігі»: «AMANAT» партиясының белсенділері қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы депутаттық фракциясының мүшелері «Қайырымды игі істер марафоны» мен «Халыққа көмек» партиялық жобасының аясында бірқатар іс-шаралар өткізді деп жазды turkystan.kz.

Партия белсенділері тарапынан мұқтаж деп таныған тұрғындарға өз ықтиярлығымен түрлі көмек көрсетіліп жатыр. Атап айтсақ, мұндай қолдаулар «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек» сияқты партиялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылады.

Сондай мұқтаж жандардың бірі Бахытгүл Шаймуханованың отбасында осы жылы 4-сәуірден  5-сәуірге қараған түні Павлодар қаласының Құдайбердиев көшесінде өрт болып, 3 бөлмелі пәтері жанып кетті. Төрт баланың анасы осыдан тура бір жыл бұрын коронавирус дертінен айыға алмай қалған отағасынан айырылып қалған еді. Аманаттықтар жанып кеткен пәтерге барып, қажетті тұрмыстық керек-жарақтар мен азық-түлік себетімен көмектесті.

«Ең бастысы, біз бір-бірімізге көмектесіп, құрметтеуіміз қажет. Павлодар қаласында ұйымдастырған игі істер марафоны аясында бүгін облыстық мәслихат депутаттары өмірде қиын жағдайға тап болған бес отбасыға барды. Бір жерде материалдық көмек көрсетсек, басқа отбасыларға қажетті үйге арналған жабдықтармен көмек көрсетілді. Барлық бей-жай қарамайтын адамдарды игі істер марафонына қосылуды сұраймын», – деді партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.

Көпшіліктің көкейдегісін есту үшін халыққа бұрынғысынан бетер жақындай түсуді көздеген партия көшпелі қоғамдық қабылдаулар жүргізіп жатыр. Мұндай игі істер әлі де жалғасын таппақ.

Игі істердің жалғасы ретінде, «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен облыстық мәслихаттың депутаттары, Jas Otan жастар қанатының белсенділері мен партияның облыстық филиалының қызметкерлері қалалық сенбілікке шықты.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, сенбілікке шыққандар алдымен партияның облыстық филиалының маңайын жинады. Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Соның ішінде, облыстық мәслихаттың депутаттар аллеясы мен бірнеше үйлердің аулаларын жинады. Тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.

«Бүгін біз белсенді жұмыс жасадық, сондықтан барлық қала тұрғындарын, бизнес өкілдерін, аулаларымыздың тұрғындарын жергілікті атқарушы органдардың сенбіліктер өткізу бастамасын қолдауға шақырамын», – деді «AMANAT»  партиясы экологиялық кеңесінің төрағасы Ирина Чидунчи.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button