Президент «Зерде» Ұлттық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді

Президент «Зерде» Ұлттық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді

Президент «Зерде» Ұлттық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады деп жазды turkystan.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке биылғы бірінші тоқсандағы жоғары аудит органы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды. Осы есептік кезеңде 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылық анықталған. Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген. Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуына қатысты Наталья Годунованың ұсынысын тыңдады.