«Мейіржан Төребевқа қатысты тергеу аяқталды» - Бас прокуратура

«Мейіржан Төребевқа қатысты тергеу аяқталды» - Бас прокуратура

«Мейіржан Төребевқа қатысты тергеу аяқталды» - Бас прокуратура
ашық дереккөзі
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев «Mudabarah Capital» қаржы пирамидасынан қанша адамның зардап шеккенін және қазір қанша адамның қамауда екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Зардап шеккен адамның тезірек сауығып шығуын тілеймін. Вайнерлер бойынша тоқталсақ, онда 169-дан астам зардап шеккен адам бар, келтірілген шығын 2 млрд теңге шамасында. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылып жатыр, олардың арасында танымал вайнерлер, блогерлер бар», - деді ол.
Шындалиевтің айтуынша, алты адам қамауға алынған, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілмен босатылды.
«Әр жағдайда бұлтартпау шарасы жекелей қаралады. Барлық жағдайды ескере отырып, яғни тұрақты тұрғылықты жерінің, кәмелетке толмаған балаларының болуы, оның қылмысты жасаудағы рөлі назарға алынады. Осының бәрін ескеріп, сот оған қатысты кепілмен босату бұлтартпау шарасын таңдады», - деді Шындалиев.
Оның сөзінше, күдіктінің қамауда отырмауы оның кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды дегенді білдірмейді.
«Қазір іс бойынша тергеу аяқталды, яғни таныстыру кезеңі өтіп жатыр. Осы қылмысқа қатысты барлық күдіктінің іс-қимылына баға беріліп, оларға айып тағылды. Бұл рәсімдер аяқталғаннан кейін, оны прокурорға жолдайды. Өз кезегінде прокурор істі сотқа бағыттайды», - деді Бас прокурордың орынбасары.