Жаңалықтар

Асхат Оралов ШҚО тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

Асхат Оралов ШҚО тұрғындарымен кездесті

ШҚО-да «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов тұрғындармен, зиялы қауым өкілдерімен, партия белсенділерімен және жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, «Жаңа Қазақстанды» құру міндеттеріне сәйкес Жолдауды іске асыру және партияны жаңғырту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Атқарушы хатшы «Ардагерлерді ардақтайық!» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында өткен іс-шараларға қатысты. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында партияның Атқарушы хатшысы Абай ауданының ақсақалдарымен жүздесті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 16 наурыздағы тарихи Жолдауында үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Абай облысының орталығы Семей қаласы болады. Бұл тарихи әрі әділетті шешім, ең алдымен, өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, оның тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды»,- деді Асхат Оралов. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы «Gold King» спорттық-сауықтыру кешенінде параспортшылармен жүздесіп, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және қолжетімді қалалық орта құру мәселелерін талқылады. Белсенді жастармен кездесу кезінде өскелең ұрпақты жергілікті жерлерде толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы жас депутаттар корпусында «AMANAT» партиясына мүше 35 жасқа дейінгі 43 отандасымыз бар.