ТЖМ-нің шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді

ТЖМ-нің шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді

ТЖМ-нің шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлімдеуінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық ведомстволарының басшылары пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz. Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарына («үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылды.
«Олар адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында жалпы қамқорлық үшін пара алды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабынасәйкес тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», - деді ведомстводан