Ақмола облысында 26 жастағы сазгер із-түзсіз жоғалып кетті

Ақмола облысында полиция із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы сазгерді іздеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл 14 сәуірде сағат 22:00-де Жарқайың аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, 26 жастағы ұлын іздеп табуға көмек сұраған. Оның айтуынша, ұлы сол күні сағат 16:00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.  Отбасында ешқандай жанжал болмаған. Ол осыған дейінде де бірнеше рет үйінен кетіп қалған.

«Жоғалған адамды іздеу үшін Жарқайың аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы және волонтерлерден құралған 6 іздеу тобы құрылды. Іздеу жұмыстары Державинск қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерде, Есіл өзені жағасы аумағында жүргізіліп жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жоғалған ер адамның бойы 175-180 см, арықша келген. Ол үстіне қара күрткі, ақ түсті жиде, сұр түсті джинсы, қара спорттық аяқ киім киген.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button