Путиннің баспасөз хатшысы Ресейдің жетістікке жететініне сенімді

Путиннің баспасөз хатшысы Ресейдің жетістікке жететініне сенімді

Путиннің баспасөз хатшысы Ресейдің жетістікке жететініне сенімді
ашық дереккөзі
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинаға қатысты алға қойған міндеттері орындалады, бұған күмәнданудың қажеті жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
  • Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Вадим Денисенко ұсталған «Оппозиционная платформа – За жизнь» партиясы саяси кеңесінің төрағасы Виктор Медведчуктің «мықтап жасырылғанын және оның ешқайда кетпейтінін» айтты.
  • Украина Қарулы Күштерінің 36-шы теңіз бригадасының командирі Сергей Волына Украина билігін қысқа мерзім ішінде Мариупольді блокададан босатуға шақырды. Оның айтуынша, жағдай өте күрделі.
  • Украина және оның шетелдік серіктестері бүгіндері Ресей Федерациясының ядролық қаруды қолдана алатындай белгілерді байқамады, - деді Украина Қорғаныс министрлігінің спикері Александр Мотузянык.
  • Америкалық жоғары лауазымды шенеунік The Washington Post газетіне берген сұқбатында «Мәскеу» крейсеріне Украинаның кемеге қарсы зымыранымен соққы берілгенін айтқан. Бірақ ол бұл арада қандай қарулану жүйесі қолданылғанын нақтыламады.
  • Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапидтің Ресей Федерациясының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігін тоқтату турасына қатысты мәлімдемесі өкініш тудырады, делінген Ресей дипломатиялық агенттігінің хабарламасында.
  • Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинаға қатысты алға қойған міндеттері орындалады, бұған күмәнданудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді.
  • «Мәскеу» зымыран крейсері Севастопольдегі Әскери-теңіз базасына аман-есен жеткізілді, деп жазады ТАСС агенттігі.