Елорда мәслихатында AMANAT партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті
Елорда мәслихатында AMANAT партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті
Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, партия төрағасы Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің қатысуымен өткізілді. Фракция барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» жол картасының тармақтары талқыланды.
Құрылыс басқармасының басшысы Арсен Жанғасқановтың жол картасын іске асыру бойынша баяндамасы тыңдалды:
«Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұрынғы стадион орнына жаңа спорт кешені салынады».