«Украинаға әскер жіберу мәселесі қаралмады» - Қорғаныс министрлігі

«Украинаға әскер жіберу мәселесі қаралмады» - Қорғаныс министрлігі

«Украинаға әскер жіберу мәселесі қаралмады» - Қорғаныс министрлігі
ашық дереккөзі
Қорғаныс министрлігі өз Telegram парақшасында ҰҚШҰ әскери комитетінің кезекті отырысына қатысты ресми мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Министрліктің хабарлауынша, 14 сәуірде бейнеконференция байланысы режимінде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Әскери комитетінің кезекті отырысында Қазақстанның әскерін Украинадағы қарулы қақтығысқа жіберу мәселесі қаралған жоқ.
 «Отырыста ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерін жетілдіру және ұйымға мүше елдер қарулы күштері авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Тараптар биыл Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын бірігіп дайындау шараларын өткізу жоспарын мақұлдады. Әскери контингенттерді қандай да бір операцияға қатыстыру мәселесі күн тәртібінде қаралған жоқ», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
 width= Тағы оқи отырыңыз: Ресей ҰҚШҰ-ны әскери операцияларға тарту туралы хаттаманы бекітті