Талғарда студенттер уланып қалды

Талғарда студенттер уланып қалды

Талғарда студенттер уланып қалды
ашық дереккөзі
Сәуірдің 12-сі күні Алматы облысындағы медицина колледжінің төрт студенті донерден уланып, ауруханаға жатқызылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қыздар Талғарда донер жегеннен кейін өздерін нашар сезінгенін айтты. Қазір аудандық СЭС мамандарының қатысуымен осы факті бойынша тексеру басталды», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Ведомствоның мәліметінше, тексеру жүргізу үшін донер сататын орынның қызметі тоқтатылған. Тексеру қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.