«Орамалыңды шеш!»: Әуелбекова «Қазақконцерт» басшылығынан қысым көргенін айтты

«Орамалыңды шеш!»: Әуелбекова «Қазақконцерт» басшылығынан қысым көргенін айтты

«Орамалыңды шеш!»: Әуелбекова «Қазақконцерт» басшылығынан қысым көргенін айтты
ашық дереккөзі
Әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының басшылығы тарапынан қысым көргенін мәлімдеді деп жазады turkystan.kz. Тыңдармандарымен бір сәт сырласқысы келген әнші әлеуметтік желі қолданушыларының сұрағына жауап берді. Өнер иесінен тыңдарманы «Қазақконцерттен кетіп қалдыңыз ба? Қызметіңіз не болды?» деп сұраған.
«Басшылық: «Орамалыңды шеш немесе жұмыстан кет», – деді. Бірақ мен кетпедім де, шешпедім де. Қазір ресми декреттік демалыстамын. Бұйырса, шығамын әлі», – деп жауап берді ол.
Онымен қоймай, әнші орамалды өмірінің соңына дейін тағатынын жеткізді.
 «Бұл өмірде мәңгі ешкім өмір сүрмеген, сүрмейді де. Орамалым, бұйырса, ақыреттік», – деді ол.
Еске сала кетсек, Мөлдір Әуелбекова – 2018 жылдың сәуір айында «Қазақконцерт» бірлестігі эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған еді. Ал 2019 жылы 29 сәуірде «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалған болатын.