Атырау облысында министрлік өкілдері мүгедектерден пара алған

Атырау облысында министрлік өкілдері мүгедектерден пара алған

Атырау облысында министрлік өкілдері мүгедектерден пара алған
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аймақтағы өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтардан пара алып келген деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау облысы бойынша Еңбек департаменті, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басшысы мен аталған ведомствоның бөлім басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Шенеуніктер мүгедектікті кедергісіз ұзартқаны үшін жүйелі түрде мүгедектерден 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алған. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.