Бекзат Жүсіпов Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды

Бекзат Жүсіпов Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды

Бекзат Жүсіпов Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды
ашық дереккөзі
Бекзат Бақбергенұлы Жүсіпов Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Бекзат Жүсіпов 1989 жылы Маңғыстау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Шығыс Англия университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастап, 2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор, 2019-2021 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды. 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды. Тағы оқи отырыңыз: Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы тағайындалды