«Созылып жүруге уақыт жоқ» – Алтай Көлгінов

«Созылып жүруге уақыт жоқ» – Алтай Көлгінов

«Созылып жүруге уақыт жоқ» – Алтай Көлгінов
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жол жөндеу жұмыстарын сынады. Әкімнің айтуынша, жолды жөндеген компаниялардың жұмысы тиісті деңгейде орындалмаса, өз есебінен жөндейді деп хабарлады turkystan.kz. Бүгінде елордадағы маңызды жұмыстардың бірі – жол салу және жөндеу. Бұл бағытта абаттандыру маусымы басталды. Бұл ретте, шаһар басшысы сапасыз жұмыстардың қабылданбайтынын жеткізді.
«Тиісті басқарма мен жол ұйымдарына жауапты әрі ауыр міндет жүктеледі. Климаттық жағдайларға байланысты қаламызда абаттандыру уақыты қысқарады. Тиісінше созылып жүруге әрі сапасыз жұмысқа жұмсайтын уақыт жоқ. Жол жөндеу жұмысы өте сапалы орындалуы тиіс. Сапасыз жұмыстарды қабылдамаймыз. Ал тиісті деңгейде орындаламаса сотқа береміз, олқылықтарды өз есебінен жөндейтін болады» деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.