Павлодар мектебіндегі өрттен 5 бала жарақат алды

Павлодар мектебіндегі өрттен 5 бала жарақат алды

Павлодар мектебіндегі өрттен 5 бала жарақат алды
ашық дереккөзі
Павлодарда мектептегі өрт салдарынан 500-ге жуық адам эвакуацияланып, 5 адам ауруханаға жатқызылды деп жазды turkystan.kz. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні сағат 11.00-де Малайсары батыр көшесінің бойында орналасқан №1 орта мектептің 3-қабатындағы кітап қоймасы өртенген.
«Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды. Сағат 11:41-де өрт сөндірілді», – деді Павлодар облысы ТЖД бастығы, генерал-майор Ж. Жұмашев.
Өрт сөндіру орнында ТЖД-нің 35 қызметкері және 9 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 оқушы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 2008 жылы туған қыз бала «жеңіл дәрежеде жану заттарымен улану» және 2007 жылғы қыз «стресске жіті реакция» диагнозымен қаралып, ата-аналарына тапсырылды.
«Сондай-ақ 2005 және 2006 жылы туған 3 қызда «көмірқышқыл газының уытты әсері» тіркелді», – деді басқарма өкілі.
Оқушылар 15 сәуір күні сағат 12.15-те  облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Кезекші педиатр қарап шыққаннан кейін шұғыл түрде соматикалық бөлімшеге жатқызылған. Ауруханаға түскен кезде газбен улану салдарынан балалардың жағдайы орташа ауыр болған.