Енді мемқызметке үміткерлер облыс орталықтарына барып тест тапсырмайды

Енді мемқызметке үміткерлер облыс орталықтарына барып тест тапсырмайды

Енді мемқызметке үміткерлер облыс орталықтарына барып тест тапсырмайды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызметке тұрғысы келетіндер енді шалғай ауылдан облыс орталығына сабылмайтын болды. Өйткені «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу процесінің барлық кезеңдерін автоматтандыру, қашықтан қатысу арқылы шешу функциясы іске қосылмақ деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаевтың айтуынша, «е-қызмет» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толықтай цифрландыруға және оны барлық мемлекеттік органдарға енгізуге болады.
«Мемлекеттік қызметке кірудің екі кезеңі бар. Біріншісі – тестілеу арқылы болса, екіншісі – әңгімелесу кезеңі. Былтырдың өзінде мемлекеттік қызметке келу үшін тестілеуге қатысқан 110 мың үміткердің 50 пайызы ғана сәтті тапсырған. Тестілеу орталықтары көп жағдайда облыс орталықтарында орналасқан. Мәселен, Алматы облысындағы Нарынқол мен Алматының арасы 300 шақырым, Нарынқол мен Талдықорғанның арасы 500-дей шақырым қашықтық үміткерлердің уақытын алады және қаражатын жұмсап, сол өңірлерге тест тапсырады», – деді Берік Беркімбаев.
Оның айтуынша, бұл жұмыс келесі жылдың соңына дейін аяқталады. Тағы оқи отырыңыз: «Нашатыр спирті жоқ»: мұғалімдер тестілеу пунктіндегі жағдайға шағымданды (ВИДЕО)