Қырғызстаннан денесі табылған сарбаздың жақындары сотқа арызданбақ

Қырғызстаннан денесі табылған сарбаздың жақындары сотқа арызданбақ

Қырғызстаннан денесі табылған сарбаздың жақындары сотқа арызданбақ
ашық дереккөзі
«Андас батыр» заставасында әскери борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішевтің жоғалғанына 39 күн толғанда Қырғыз шекарасынан оның мәйіті табылды. Енді марқұмның туыстары сотқа арызданбақ деп хабарлады turkystan.kz. Өйткені сарбаздың туыстары оның өліміне қатысты күмән көп деп есептейді. Мәйіттің маңында жатқан әскери киімдері таза күйінде табылған. Жақындары тілалғыш, ақкөңіл баланың өз еркімен асылып қалғанына сенбейді. Сондықтан «біреулерден қысым көруі мүмкін» деп отыр. Сол себепті істің мұқият тексеріліп, кінәлілердің жазалануын талап етпек.
«Медициналық сараптама жасаған мамандарға осындай сұрақ қойдым. Мына мәйітке қанша уақыт болған, қанша күн болған дегенімде, әрі кеткенде 1,5-2 апта болды деді. Сонда қалған уақытта бұл бала қайда болды, кім ұстап отырды? Суицидке кім итермеледі? Күдік көп, күмән көп, сұрақ көп. Соның жауабын бізге кім бере алады?» – дейді Ұлықбек Бердішевтің туысы Дәрігүл Жұмағалиева.
Сарбаздың денесіне Тараз қаласында сот медициналық сараптама жасалған. Енді қорытындысы 1 айдың ішінде дайын болады. Ал 13 сәуірде жақындары Ұлықбектің денесін жер қойнына тапсырған. ҚР ҰҚК Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының ІІБ сарбаздың өліміне қатысты тергеу іс-шараларын бастағанын хабарлаған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды