«Жол картасы орындалуы тиіс» - AMANAT партиясы

«Жол картасы орындалуы тиіс» - AMANAT партиясы

«Жол картасы орындалуы тиіс» - AMANAT партиясы
ашық дереккөзі
Жол картасының орындалуы «EasyProjесt» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, тұрақты бақылауда болады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы AMANAT партиясы Түркістан облыстық мәслихаттағы фракциясының мәжілісінде айтылды. AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаевтың төрағалық етуімен өткен жиынға облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты. Фракция отырысына 17 аудан, қалалық партия филиалдарының төрағалары, фракция мүшелері, барлық деңгейдегі 263 депутат, облыстық жауапты басқарма басшщылары онлайн және офлайн пішінде қосылды. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Өңірлік Жол карталарының 2021 жылы орындалуы және 2022 жылға жоспарланған жұмыстар туралы облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің есебі тыңдалды.
«Жол карта аясында 2021 жылы 7 бағыт бойынша 110 іс-шара жоспарланып, нақты 96,4 пайызы орындалған. Ал биыл 149 іс-шараны орындау жоспарда бар. Оған барлық қаржы көздерін тарту көзделіп отыр», - деді ол.
Дегенмен фракция жетекшісі былтыр орындалмаған 39 іс-шара қайта қаралып, тиісті басқармамен жұмыс жүргізу нәтижесінде олардың саны 34-ке қысқарған деп мәлімдеді. 5 іс-шара орындалу үстінде статусына енгізілді. Осы тұста Б.Тәжібаев облыстық партия филиалының төрағасы Ө.Шөкеевтің өңірлік филиалдың кезекті XLI конференциясында жүктеген тапсырмаларының орындалуы қатаң қадағалауда екенін атап өтті. Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Түркістан облысы еліміз бойынша төртінші орында екенін хабарлап, өз баяндамасында депутаттық рейтинг жүйесі жайлы сөз қозғады.
«Өздеріңізге белгілі, рейтингтік жүйені жүргізу үшін арнайы интернет портал іске қосылып, әр депутатқа жеке кабинет ашылды. Депутаттық қызметтерді растау үшін материалдарды жүктеу және оны бағалау 3 бағытта жүргізілуде. 2021 жылдың қорытындысы алдағы маусым айында барлық фракция мүшелерінің белсенділігі жайлы мәліметтер жарияланатын болады», - деді фракция жетекшісі.
Сонымен қатар ережеге сәйкес депутаттардың рейтингтегі төмен көрсеткіштері олардың мандатын кері қайтаруға және партияның кадрлық резервін ротациялауға негіз болатынын ескертіп, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе жөнінде мектептердегі инклюзивті сыныптардың жай-күйі және методикалық қаржыландырылуы туралы облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова баяндама жасады.
«Биыл инклюзияны қолдау кабинеттерінің арнайы педагогтарын әдістемелік сүйемелдеу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. 2021-2022 оқу жылында 17 аудан, қалада 1 мектептен инклюзивті білім беруді қолдау үшін ресурстық мектептер бекітілген», - деді ол.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов қорытынды сөз сөйлеп, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
«Биылғы жылы облыс бойынша 1565 іс-шараны орындау міндеті тұр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 81 іс-шараның орындалмай қалу қаупі анықталып отыр. Осы орайда, былтырғы жылы Жол карта бойынша жұмыс істеген тәжірибемізді қолдана отырып жұмысты күшейтуіміз керек», - деді А.Сәбитов.
Фракция мәжілісінде қаралған мәселелер назарға алынып, қаулы қабылданды.  width=  width=  width= Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясының Саяси тұғырнамасын жаңғырту жөнінде отырыс өтті