Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы тағайындалды

15 сәуір, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы тағайындалды Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар тағайындау болды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының өкімдерімен: Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды; Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.