Ұлытау облысына енетін қала мен аудандар аталды

Ұлытау облысына енетін қала мен аудандар аталды

Ұлытау облысына енетін қала мен аудандар аталды
ашық дереккөзі
Қарағанды облыстық мәслихатындағы жиында жаңа Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді деп хабарлады turkystan.kz. Тиісті шешімге сәйкес Ұлытау облысының аумағы 18 млн шаршы метрді құрайды. Жаңа өңірге облыстық маңызы бар 3 қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев, сондай-ақ, 2 аудан - Жаңаарқа және Ұлытау кіреді. Қарағанды облысына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозёрск қалалары, сондай-ақ, Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет сынды 7 аудан кіреді.