Дағдарысқа қарсы жұмыстар 5 бағыт бойынша іске асырылмақ

Дағдарысқа қарсы жұмыстар 5 бағыт бойынша іске асырылмақ

Дағдарысқа қарсы жұмыстар 5 бағыт бойынша іске асырылмақ
ашық дереккөзі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы айтып берді. Оның сөзінше, дағдарысқа қарсы 5 бағыт бойынша іс-шаралар іске асырылады. Мұның бәрі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталмақ деп хабарлады turkystan.kz. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік-экономикалық даму үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспары әзірленгенін жеткізді.
«Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар аясында 5 бағыт бойынша іс-шаралар іске асырылады. Әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспары әзірленді. Құжат қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылау мен төмендетуге, сыртқы сауда қызметін ынталандыруға және инвестицияларды тартуға бағытталған», – деді министр.
Тағы оқи отырыңыз: 30 жылда шет елге заңсыз шығарылған қаржы қалай қайтарылады? – министр жауабы