«Нашатыр спирті жоқ»: мұғалімдер тестілеу пунктіндегі жағдайға шағымданды (ВИДЕО)

«Нашатыр спирті жоқ»: мұғалімдер тестілеу пунктіндегі жағдайға шағымданды (ВИДЕО)

«Нашатыр спирті жоқ»: мұғалімдер тестілеу пунктіндегі жағдайға шағымданды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Желіде Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болған мұғалімнің қазасына байланысты тағы бір мәлімет жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Видеоны Facebook-те білім саласының қызметкері Өмір Шыныбекұлы жариялады. Онда тестке қатысқан бір топ оқытушы мұғалімнің қайтыс болар алдында алғашқы көмек көрсететін құрал-жабдықтың болмағанына шағымданған.
«Ешқандай мүмкіндік жоқ. Көз алдымызда адам өліп жатыр. Алғашқы көмек көрсететін құрал-жабдық жоқ. Ештеңе жоқ. Не нашатыр спирті жоқ. Дәрі қобдишасы жоқ», - деп шағымданды оқытушының бірі.
Осы бейнежазбаға байланысты пікірлер де жарияланып жатыр. Соның бірін айтсақ, Сания Нүсіпәлі есімді желі қолданушы сынақтесттердің 3600 теңгеге сатылатынын, соған қарамай, дәрігерлік көмек көрсететін жағдайдың жасалмағанын жазса, тағы бір азамат қайтыс болған мұғалімнің 25 минут дәрігерлік көмексіз өлім аузында жатқанын айтқан. Тағы оқи отырыңыз: Алматыда тест тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды