Жаңалықтар

15 сәуірден бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріледі

ашық дереккөзі

15 сәуірден бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріледі

Бүгіннен бастап Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізе бастайды деп хабарлады turkystan.kz.  Бұған дейін хабарланғандай, бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсіпкерлік қызметтен пайда табу болып есептеледі. Қаржы министрінің тиісті бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді. Салық заңнамасына сәйкес, мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын (кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден) бөлуге арналған. Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды. Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз. Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Жалпы жеке аударымдарға салық салынбайды. Өткен жылдың қараша айында Сенатта мобильді аударымға қатысты арнайы заң қаралды. «Пандемия кезінде сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметте жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған жедел мобильді аударымдарды барлық жерде пайдалана бастады. Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында: «мобильді төлемдер» түсінігін анықтау, мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысулар кезінде онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануды заңдастыру, кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуге арналған жеке шоттарды пайдалануға міндеттеу, банктердің мемлекеттік кірістер органдарына тиісті мәліметтерді беруі ұсынылады», - деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев.