«Әкім» бағдарламасының жүргізушісі министрден көмек сұрады

«Әкім» бағдарламасының жүргізушісі министрден көмек сұрады

«Әкім» бағдарламасының жүргізушісі министрден көмек сұрады
ашық дереккөзі
«Әкім» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, «Хабар» телеарнасының қызметкері Ақбөпе Тәңірберген әлеуметтік желіде жобаның жабылып қалуына байланысты тың ойларымен бөлісті деп жазды turkystan.kz.
«Достар, «Әкім» бағдарламасының жабылып қалғанын білесіздер. Себебі бағдарлама «Хабар24» арнасының жаңа форматына келмейді деп түсіндірілді. Наурыздың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Онда облыс әкімдері қала, аудан халқымен жылына кемі екі рет, ал аудан, қала әкімдері халықпен жылына төрт рет кездессін деп айтылды. Президент тапсырмасына сәйкес, осылайша әкімдер халыққа барынша жақын болуы тиіс. Осы ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мырзаға ұсыныс айтқым келеді. «Әкім» бағдарламасы арнаның жаңа форматына сай болуы үшін, «Жаңа Қазақстанның» қалыптасуына үлес қосуы үшін бағдарламаның концепциясын өзгертіп, мемлекет мүддесі үшін алдағы уақытта да пайдалансаңыздар. Президенттің әкімдер туралы Жарлығының жүзеге қалай асырылып жатқанын, әкімдердің халықпен кездесуі қалай өтетінін көрсетуге болады» деп жазды тележүргізуші.
әкім Сонымен қатар, ол «Әкім» бағларламасы елдің түкпір-түкпірін аралап, ауыл-аймақтың жағдайын көрсететін жалғыз бағдарлама екенін де атап өткен.
«Шалғай ауылға барып, халықпен тілдесетін екі журналист қана бар. Ол - Асхат Ниязов пен Жасын Біркенов. Бағдарлама халыққа қажет. Әлі айтары, көрсетері, берері бар», - деді Ақбөпе Тәңірберген.
Оның айтуынша, аталған бағдарламаны өзі жүргізген 2 жылда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен, Президент Әкімшілігінен, басшылық тарапынан ешқандай ескерту, кедергі немесе бір эпизодты көрсетпей, эфирге жібермей қою деген болмаған. Осылайша, журналист министрге «Әкімнің» ұжымы жұмысын жалғастырса деген өтініш айтып отыр.