Зеленский Ресейдің түпкі мақсатын айтты

Зеленский түнгі үндеуінде Украинада қаза тапқан адамдар жайлы мәлімет берді. Оның айтуынша, 2014 жылдан бері Украинаның шығысында болып келе жатқан қақтығыстардың салдарынан 14 мың адам қаза тапқан деп хабарлады turkystan.kz.

Енді қазір Ресей әскери күштерін Донбасс аймағына шоғырландырып жатыр. Осы ретте Зеленский Ресейдің бұл әрекетінен үлкен қауіп төнеді деп болжады. Сондықтан Батысты Кремльге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.

«Ресейге қарсы қатаң санкциялар қабылдау қажеттігі қазір қызу талқыланып жатыр. Бірақ бәрі құр сөйлеп жатқанда, Ресей біздің жерімізде Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыста көрген қырғынды қайталауы мүмкін. 50 күннен бері жалғасып келе жатқан соғыста Ресейдің түпкі мақсаты – Донбассты толық талқандау екендігі анық байқалды. Бұлай жалғаса берсе, Донецк пен Луганск аймақтарында тұрғындардың орнында тек тастар қалуы мүмкін», – деді Украина Президенті.

Тағы оқи отырыңыз: Ресей Украинадағы биологиялық зертхана қызметкерлерін анықтады

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button