Ресей Украинадағы биологиялық зертхана қызметкерлерін анықтады

Ресей Украинадағы биологиялық зертхана қызметкерлерін анықтады

Ресей Украинадағы биологиялық зертхана қызметкерлерін анықтады
ашық дереккөзі
Ресей әскерилері АҚШ-тың әскери-биологиялық мүддесі үшін зерттеу жүргізген Украина ғылыми-технологиялық орталығы қызметкерлерінің аты-жөнін анықтады деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрлігінің РХБҚ әскерінің басшысы Игорь Кириллов.  Бұл туралы turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
«Украина ғылыми-технологиялық орталығының атқарушы директоры міндетін АҚШ азаматы Кертис Белаяч атқарады. Ол 1968 жылы 27 тамызда Калифорнияда дүниеге келген. Андерсон атындағы Калифорния басқару университетінде оқыған. Магистр дәрежесі бар. Украинада 1994 жылдан бері жұмыс істейді», - деп келтірді генерал-лейтенанттың сөзін РИА Новости.
Еуроодақтан Украина ғылыми-технологиялық орталығының басқарма төрағасы қызметін Эдди Артур Майер атқарды. АҚШ тарапынан жұмысты Фил Доллифф қадағалайды. Ол мемлекеттік департаментте жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі бағдарламалар мен халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша хатшы кеңесшісінің орынбасары. Қорғаныс министрлігі қол жеткізген құжат Украина ғылыми-технологиялық орталығы пен Пентагонның байланысын дәлелдейді. Ол байланыс Black & Veatch америкалық әскери ведомствосының компаниясы арқылы жүзеге асырылып отырған. Мәскеудің қолында компанияның вице-президенті Мэтью Вэббердің хаттары бар, онда ол Украина ғылыми-технологиялық орталығымен әскери-биологиялық зерттеулер бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екендігі жөнінде жазған. 2014 жылдан бері Украина ғылыми-технологиялық орталығы Украинада, Грузияда, Молдовия мен Әзербайжанда 500-ден астам жобаны іске асырған.

Кирилловтың айтуынша, соңғы жылдары АҚШ орталық жұмысына 350 миллион доллар жұмсаған. Орталық құжат бойынша халықаралық үкіметаралық ұйым ретінде тіркелген. Бір қарағанда оның Пентагонмен байланысы жоқ сияқты көрінеді.

Украина ғылыми-технологиялық орталығының құқықтық статусы 1993 жылы 25 қазанда Украина, Канада, АҚШ пен Швеция үкіметтері қол қойған келісім негізін айғақтайды. Кирилловтың айтуынша, орталық Пентагонды қызықтырған зерттеулерге гранттар тағайындаумен айналысқан. Оның ішінде биологиялық қаруға қатысты жобалар да бар.