Шымкентте жүк көлігі көпірден аударылып түсті

Шымкентте жүк көлігі көпірден аударылып түсті

Шымкентте жүк көлігі көпірден аударылып түсті
ашық дереккөзі
13 сәуірде Шымкентте ГАЗ-53 жүргізушісі көлікті басқара алмай, нәтижесінде жүк көлігі бөгетті қағып, көлік жуу орнының жанында тұрған 3 жеңіл көлікке құлады деп хабарлады turkystan.kz. Қала полициясының мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің тежегіштері істен шығып кеткен. Полиция «Көлік құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бабы бойынша іс қозғады. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жіберіледі.