Алматыда тест тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды

Алматыда тест тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды

Алматыда тест тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды
ашық дереккөзі
Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды деп жазды turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Қайғылы жағдай Алмалы ауданында Көлік және логистика академиясының ғимаратында мұғалімдердің біліктілік тестін тапсыру кезінде болған. Ақпаратты Алматы қаласының ПД растады.
«1973 жылы туған азаматтың өлім фактісі Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
ҰТО-ның мәліметінше, бұл - соңғы 4 жылдағы бірінші өлім оқиғасы.
«Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінің мұғалімі - 1973 жылы туған ер адам сынақ кезінде қайтыс болды. Мұғалім гипертониялық ауруына байланысты емханада есепте тұрған», – делінген Ұлттық тестілеу орталығының ресми мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, ҰТО өкілдері сертификаттау ерікті түрде өтетінін атап өтті.
«Мұғалімдер тіркелген соң осы процедурадан өтіп, бұрынғы жалақыларына қосымша үстемақы алады. Қосымша ақы расталған біліктілік санатына байланысты төленеді. Денсаулығы нашар болған жағдайда тестілеу күнін өзгертуге болады», – деп мәлімдеді ҰТО өкілі.