«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды
ашық дереккөзі

Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Ержан Сәрсенбай 2001 жылы қараша айынан 2006 жылғы шілде айына дейін Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.

2006 жылдан 2007 жылдың сәуір айына дейін Премьер-министр Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі;

2007 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың қараша айына дейін «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы;

2011 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін «НК Продкорпорация» АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры;

2015 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың ақпан айына дейін Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары;

2017 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры;

2021 жылғы ақпан айына дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болған.