«Қазақстан, алға!»: Американың Пенсильвания штатында тұңғыш қазақ мектебі ашылды (ВИДЕО)

«Қазақстан, алға!»: Американың Пенсильвания штатында тұңғыш қазақ мектебі ашылды (ВИДЕО)

«Қазақстан, алға!»: Американың Пенсильвания штатында тұңғыш қазақ мектебі ашылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Американың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды деп жазды turkystan.kz.
Алғашқы қазақ мектебінің ашылуы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Бұл мектепте Қазақстаннан, Моңғолиядан, Қытайдан және басқа да елдерден көшіп келген қазақтар оқиды.
«Сонымен бірге, мұнда АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тілімізбен және төл тарихымызбен сусындайтын болады. Салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, Әнұранымызды шырқап, домбыра үйренетін болады», – делінген бейнежазба түсіндірмесінде.
Мектепке 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады. Құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова.