Пара алған Ақтөбе облысының бас экологы айыппұл төлейтін болды

Пара алған Ақтөбе облысының бас экологы айыппұл төлейтін болды

Пара алған Ақтөбе облысының бас экологы айыппұл төлейтін болды
ашық дереккөзі
2022 жылдың 13 сәуірінде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылды деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Ол 12 млн теңге сомасындағы айыппұл жазасына кесілді. Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды» деп жазылған хабарламада.
Нұржан Аққұл өткен жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысы Экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін ұсталған.