«Халал» шұжықтар мен консервілерден шошқа еті табылды

«Халал» шұжықтар мен консервілерден шошқа еті табылды

«Халал» шұжықтар мен консервілерден шошқа еті табылды
ашық дереккөзі
Шошқа етінің ДНҚ-сы қазақстандық сөрелерде сатылатын Ресей Федерациясынан алынған сиыр еті консервілері мен жартылай ысталған«Мусульманская» шұжығынан табылды деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Зерттеу нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасы хабарлады.
«Наурызда халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында СҚО бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алды. Зерттеу барысында сиыр консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды: жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығы (дайындаушы: ЖК «Павлов А.С.», Ресей, Башқұртстан Республикасы); стерильденген кесек етті консервілер «Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» (дайындаушы: «Стандарт» Курганский мясокомбинат» ЖШҚ, Ресей, Қорған қ.); «Жоғары сұрыптағы бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек етті консервілер (дайындаушы: «Орелпродукт» АҚ, Ресей, Орловск облысы), – делінген хабарламада.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының мәліметінше, етқұрамды, тартылған ет, стерильденген консервілер де бар. Енді бұл өнімдер сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалау бойынша да бірқатар бұзушылыққа жол берген.
«Оның ішінде заттаңбада көрсетілген сипаттамалар іс жүзінде құрамымен сәйкес келмейтіндігі анықталды», – делінген хабарламада.