Жаңалықтар

Қазақстанда қару-жарақ сақталған 103 орын анықталды

ашық дереккөзі

Қазақстанда қару-жарақ сақталған 103 орын анықталды

Елде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған 100-ден астам орын анықталған деп хабарлады turkystan.kz. Ішкі істер министрлігі ірі облыстарда жүргізілген арнайы операциялары мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Рolisia.kz-тің жазуынша, іздестіру барысында 1 мыңнан астам адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылған. Ұсталғандардан 16 миллион теңге көлемінде қаражат және 5 819 бірлік ұрланған мүлік тәркіленді. Олардың арасында деструктивті ағымдарды жақтаушылар, ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері мен қатысушылары жән атыс қаруының заңсыз айналымына және 4-7 қаңтар аралығындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар күдіктілер де бар. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде қару мен оқ-дәрілер сақталған 103 орын табылды. Тінту барысында 1 363 бірлік атыс қаруы анықталған.