Украиналықтар бұрын-соңды болмаған ауқымда топтасып жатыр

Украиналықтар бұрын-соңды болмаған ауқымда топтасып жатыр

Украиналықтар бұрын-соңды болмаған ауқымда топтасып жатыр
ашық дереккөзі
Әлеуметтанушылар Украина мен Ресей арасындағы соғыс басталғалы бері украиналықтардың ана тілінің аясында бұрын-соңды болмаған ауқымда топтасып жатқанын байқаған. Мәселен, наурыз айындағы зерттеу нәтижесінде халықтың 76 пайызы украин тілін өзінің ана тілі деп есептейтіні анықталған деп жазды turkystan.kz. ВВС басылымының жазуынша, сауалнамаға қатысқандардың 83 пайызы «украин тілі елдегі жалғыз мемлекеттік тіл болуы керек» деп жауап берген. Тіпті өзгелерді де ана тілінде сөйлеуге үгіттеу шаралары күшейген. Мәселен, Львов қаласының орталығындағы ресторандардың бірінде:
«Қымбатты украин халқы! Біз украин жерінде өмір сүріп, украин нанын жеп отырмыз. Олай болса, оккупанттың тілінде емес, украин тілінде сөйлейік. Украина жасасын, Украин қарулы күштері жасасын!» деп жазылған тақтайша ілінген.
Оның үстіне, украин билігі ана тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында бірнеше заң қабылдаған. Артынша украин тілі жарнама, баспа, БАҚ тіліне айнала бастады.
«Соңғы 1,5 айдағы қалыптасқан ахуал азаматтарды украин тілі жалғыз мемлекеттік тіл болуы тиіс деген ой төңірегіне топтастыра түсті. Тіпті бұндай көзқарас елдің шығысында да басым. Жуық аралықта бір тілге көшу ниетін орыстілді украиндықтардың үштен бірі, қостілді азаматтардың үштен екісі қолдап отыр», – дейді әлеуметтанушы Алексей Антипович.
Тағы оқи отырыңыз: «Миллиондаған украин баласы аш қалуы мүмкін» – ЮНИСЕФ