Арыққа батып кеткен балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда су жиналатын арыққа батып кеткен 9 жасар баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қарағандыда қар, жауын суы жиналатын арыққа батып кеткен 9 жасар баланың қаза табу дерегі бойынша тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 306-бабы («Қызмет көрсетуді талап етпейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр» деп жазылған аймақтық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.