Отандық оқу орындарының әлемдік білім жүйесіне ену талпынысы

Отандық оқу орындарының әлемдік білім жүйесіне ену талпынысы

Отандық оқу орындарының әлемдік білім жүйесіне ену талпынысы
ашық дереккөзі
Еліміздің келешегін қалайтын кәсі­би білікті кадрларды тәрбиелеу – аса жауапты әрі маңызды міндет. Бұл рет­те Мемлекет басшысы жаңа эконо­ми­каны қалыптастыру жолында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттігін арт­тыру қажеттігін қадап айтты. Ма­мандарды даярлау сапасын, универ­си­теттердің тиімділігін, білім беру бағ­дар­ла­маларының өзектілігін тәуелсіз рей­тинг­тер арқылы таразылауға болады. Жыл сайынғы QS World University Rankings by Subject 2022 пәндік рейтингі жария­лан­ды. Әлемдік университеттерде оқыты­ла­­тын пәндердің сапасын британдық Quacquarelli Symonds агенттігі бағалады. Рей­тингке әлемнің 1 543 жоғары оқу орны қа­тыс­қан. Әлемдік рейтингте еліміздің жоғары оқу орын­дары да бар. Мәселен, биыл Л.Гумилев атын­­дағы Еуразия ұлттық университетінің QS пән­дік рейтингіндегі позициялары кеңей­ді жә­не айтарлықтай нығайды. ЕҰУ – әлем­нің үз­дік университеттерінің 11 пәндік рей­тин­гінде. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4-ке жеткен. Халықаралық рейтинг нәтижелері бойын­ша ЕҰУ қазақстандық жоғары оқу орын­дары арасында 3 пәннен көш бастап ке­леді. Пәндік рейтингті өткізу барысында уни­вер­ситеттің академиялық сарапшылар мен жұ­мыс берушілер арасындағы беделі, ғалым­дар­дың ғылыми-зерттеулерінен дәйексөз алу, жария­ланымдардың Хирш индексі бағала­нады. Әлемнің 200 үздік пәнінің тізіміне Еура­зия ұлттық университетінің 6 пәні енген. Олар – қонақүй бизнесі және бос уақытты бас­қару, өнер және дизайн, тарих, құқықтану, сая­сат және халықаралық зерттеулер, лин­г­вис­тика пәндері. Әлемнің үздік жоғары оқу орны пәндік рей­тингте Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті көптеген көрсеткіш бойын­ша он шақты сатыға көтерілген. Қонақүй бизнесі және бос уақытты басқару пәні ал­ғашқы жүздікке кірсе, лингвистика бойын­ша әлемдік университеттер қатарынан 101-150 арасындағы топқа енді. Әлемдік рейтингтің топ-500 құрамына ЕҰУ-дің өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеу­меттік ғылымдар және менеджмент пән­дік облыстары, экономика және эконо­мет­рика, физика және астрономия, бизнес және ме­неджмент пәндері кірді. Айта кеткен жөн, биылғы жылы ЕҰУ-дың әлеу­меттік ғылымдар және менеджмент пән­дік облысы алғаш рет QS пәндік рейтингіне кірді.

Б.Балықбай