«Z»: «Marwin – «Меломан» желісіне бойкот жариялана ма?

«Z»: «Marwin – «Меломан» желісіне бойкот жариялана ма?

«Z»: «Marwin – «Меломан» желісіне бойкот жариялана ма?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Marwin – «Меломан» желісіне қызметкерлерінің киімдеріне «Z» белгісі жазылғаны үшін бойкот жариялау туралы ұсыныстар түсіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Facebook-те тарихшы Айнаш Керней, журналистер Динара Егеубаева мен Салтанат Әшірбай және басқа да қоғам белсенділері «Marwin – «Меломан» желісін «Z» белгісі үшін сынап, оның заттарына бойкот жариялауды ұсынған.
«Соғысты насихаттауға жол бермейміз! Балаларға арналған заттарды сататын Marwin (Меломан) дүкені соғысты насихаттап жатыр. Қазақстанда соғысқа үгіт-насихат жүргізу заңмен тыйым салынған. Милитаристерге бойкот!» деп жазды Айнаш Керней.
Оған дәлел ретінде ол дүкеннің қызметкерлерінің киімдеріне жазылған «Ревизор» сөзінде «з» әрпі латынша «Z» әрпімен берілгенін айтқан. Тағы оқи отырыңыз: Торғайлық әкім-қаралар Z белгісін қолдап, сексуалды сипаттағы жазба жариялаған